ТУРКУАЗ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ «САВОЛА ФУДС СИ АЙ ЭС» ЖШС өнеркәсіп кәсіпорнын құрды және ашты, ол күнбағыс майын өндіруді жүзеге асырады.
Жобаның басталуы 2002 жылдың сәуір айына жоспарланған болатын және мұндай 14 айлық қысқа мерзімнің ішінде жоба аяқталды және 2003 жылдың қыркүйек айында өндіріс іске қосылды.
Ақтөбе облысында 81 000 м2 болатын аумақта жалпы көлемі 8 500 м2 зауыт салынды, мұнда күн сайын 240 тонна күнбағыс өңделеді және күніне шамамен 100 тонна тазартылған май өндіріледі.
Тазарту үшін ALFA LAVAL Швейцария технологиясының жабдықтары пайдаланылады. Өнімді толтыру цехында итальяндық технология пайдаланылады.
Шикі майды қайта өңдеу жөніндегі зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 75 000 тоннаны құрайды. Ақтөбе және Орал облыстарында май тұқымын егуге қолғабыс көрсетіледі. Бұл күнбағыс тұқымын өсіруге мүмкіндігі бар облыстық ауыл шаруашылықтардың назарын аударып отыр.