«АЗИЯ ТЕА» ЖШС

www.rakh­met.kz

«АЗИЯ ТЕА» ЖШС ком­па­ни­ясы 2007 жылғы 18 қазан­да тіркелді. Ком­па­ни­яның бас­ты мақса­ты Қазақстан на­рығына «Рах­мет» мар­ка­сымен үнді, цей­лон, қытай және ке­ния шай­ла­рын жыл­жы­ту бо­лып та­была­ды.

Біздің ком­па­ния Қазақстан­да ең кеңінен тар­мақталған дист­рибьютор­лық желісі бар ТУР­КУ­АЗ ком­па­ни­ялар то­бының бөлімшесі бо­лып та­была­ды. ТУР­КУ­АЗ ком­па­ни­ясы­ның Қазақстан на­рығын­дағы жұмы­сының көп жыл­дық тәжіри­бесі Шри Лан­ка­дан, Үндістан­нан, Қытай­дан және Ке­ни­ядан әкелінетін біздің шай­ды жеткізу­ге және оны қысқа мерзімнің ішінде бүкіл Қазақстанға та­ратуға мүмкіндік бе­реді, мұның өзі бізге өз тұты­нушы­лары­мызға тың шай ұсы­ну­ымызға жағдай жа­сай­ды.

Ком­па­ния ди­рек­то­ры Тибб Пар­миндер Сингх мыр­за өз қыз­метін шай план­та­ци­ясын басқару­дан бас­тап, 40 жыл­дан ас­там уақыт шай биз­несінде еңбек етіп ке­леді. Тибб П. С. мыр­за Қазақстан­да 15 жыл­дан ас­там уақыт әртүрлі ком­па­ни­ялар­да жұмыс істеді және шай на­рығы мен тұты­нушы­лар­дың қала­уын жақсы біледі.

Қазақстан­ның шай на­рығын­да біз 2008 жыл­дың на­урыз айын­да пай­да бол­дық, бірақ бұл осын­дай қысқа мерзімнің ішінде көшбас­шы бо­лу­ымызға ке­дергі болған жоқ. Біздің шайымыз өзіміз әлем­ге әйгілі өндірушілер­ден ала­тын шикізат­тың жоғары және тұрақты са­пасы­мен ерек­ше­ленеді. Бізге Шри Лан­ка­ның, Үндістан­ның, Ке­ни­яның және Қытай­дың шай­ла­ры им­порт­та­лады — бұл түйіршіктел­ген және жа­пырақ шай­лар­ды біз өз са­тып алу­шыла­рымызға ыңғай­лы, әдемі қап­та­маға 50 г-нан 500 г. дейін өлшеп оралған түрінде ұсы­намыз.

«Рах­мет» шайы — бұл үндінің түйіршіктел­ген, үндінің жа­пырақ, цей­лон­ның жа­пырақ, ке­ни­яның түйіршіктел­ген, вьет­намның көк және қытай­дың ақгүл қосылған көк шайы.

2011 жылғы қаңтар­дан бас­тап «Рах­мет» шайы жаңа ди­зай­нмен және жаңа дәммен ұсы­нылған (түйіршіктел­ген шай), ол жергілікті ха­лықтың сұра­ныс­та­рын ба­рын­ша қанағат­танды­рады.

Тәуелсіз са­рап­шы­лар­дың бағала­уы бойын­ша және бірне­ше рет жүргізілген тестіле­удің негізінде біздің «Рах­мет» шайы кез кел­ген басқа шайға, со­ның ішінде Пи­ала Голд, Ас­сам Голд және Грин­филд шай­ла­рына қараған­да үздік бо­лып шықты. Біздің шай­мен үйіңізде қонақ күту­ге және оны сыйға тар­туға ұял­май­сыз.

Шай­ды М-р Тиббтің өзі іріктейді, ол шай өндірісінде қырық жыл­дан ас­там уақыт, оның 15 жыл­дан ас­та­мын Қазақстан­да жұмыс істеп ке­леді.

М-р Тиббтің тәжіри­бесі біздің шай­дың қазақстан­дық тұты­нушы­ның талғамы­на жа­уап бе­реді деп тұжы­рым жа­са­уымызға мүмкіндік бе­реді.

«Рах­мет» шайы тұты­нушыға жет­кенге дейін ол кемінде үш рет тестіле­уден өтеді, мұның өзі оның са­пасы­на біздің кепілдік бе­руімізге мүмкіндік бе­реді.

«Рах­мет» шайы шәй­нектің түбінде ешқашан шөгінді қабыл­дырмай­ды, бұл шай­дың са­пасы­ның жоғары және шай­дың біртекті екенін білдіреді.

Басқа өндірушілер өзіндік құнды төмен­де­ту үшін са­палы шай­ды неғұрлым ар­зан шай­мен ара­лас­ты­рады және тап сол ар­зан шай шәй­нек­те шөгінді қал­ды­рады.

«Рах­мет» шайының 1 ки­лог­раммы­нан 630 ке­се шай алуға бо­лады, ал біздің бәсе­келес­тердің ең жақсы сорт­та­рынан 500 ке­седен ар­тық шай шықпай­ды.

«Рах­мет» шайы блен­дирле­неді, яғни әртүрлі план­та­ци­ялар­дың шай сорт­та­ры сол жер­де — Ке­ни­яда, Үндістан­да, Вьет­намда не­месе Қытай­да ара­лас­ты­рыла­ды. Қазақстан­да біз оны тек өлшеп бу­амыз.

«Рах­мет» шайының ата­уы және бу­масы­ның гра­фика­лық ди­зай­ны Қазақстан Рес­публи­касын­дағы зи­ят­керлік құқықтар ту­ралы заңмен қорғалған («Рах­мет» бу­масын­да ® белгісі тұр).

Шай­ды орау жөніндегі бар­лық жаб­дықтар Гер­ма­ния мен Анг­ли­ядан әкелінген ба­тыс­тық өндірістің жаб­дықта­ры бо­лып ке­леді.

Бар­лық шығыс ма­тери­ал­да­ры (ора­ула­ры, гоф­роқорап, қабыр­шық қағаз, цел­ло­фан) Түрки­яда не­месе Ре­сей­де өндірілген.

Үндінің түйіршіктел­ген шайы

«Рах­мет» үндінің түйіршіктел­ген қара шайы Шығыс Үндістан­ның таңда­улы план­та­ци­яла­рын­да өсірілген және мұқият қол­мен іріктел­ген.

Шай нәзік біре­гей хош иісімен және ауыз қуыра­тын тұтқыр дәмімен ерек­ше­ленеді. Бұл шай қаныққан түстегі қою тұнба­ны бе­реді (ағыл­шындар — биск­вит қабықша­сының түсі дейді). Хош иісінде басқа сорт­тағы шай­ларға тән емес жеңіл бал белгілері бар.

Біздің Жа­пырақ және Түйіршіктел­ген шай­лар — Ас­сам план­та­ци­яла­рының шай­ла­ры.

Үндінің жа­рыпақ қара шайы

«Рах­мет» үндінің жа­пырақ шайы — бұл жа­пырақ қара шай­ды жа­са­удың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан клас­си­калық әдісі. Бұтақтың бүрі мен екі жоғарғы жа­пырағы ғана біздің шай үшін іріктеп алы­нады, бұл кәсіпқой­лар­дың тілімен айтқан­да «ал­тын шай­ды» білдіреді. Оның үстіне біздің шай­да белгілі бір ұзын­дықтағы жа­пырақша­лар ғана пай­да­ланы­лады — егер жа­пырақша нор­ма­дан ұзын­дау бол­са, он­да ол басқа сорт үшін іріктіледі.

Біздің шай­дың си­пат­тық ерек­шелігі әдемі, мөлдір қошқыл-шие түстегі та­маша қою тұнба­сы және аз­дап ауыз қуыра­тын тұтқыр дәмдік хош иісі бо­лып та­была­ды. 10000-нан ас­там шай план­та­ци­яла­рының тек 40 план­та­ци­ясы ғана біздің шай­ды дайын­дау кезінде пай­да­лана­тын шай са­пасын өндіре ала­ды.

Ке­ни­яның түйіршіктел­ген қара шайы

Ке­ни­яда шай өсіру үшін өте қолай­лы жағдай­лар қалып­тасты, мұның өзі қара­пайым шай өсімдігінің көлемі ағашқа дейін жетіп, оның жа­пырақта­ры ке­ремет шы­рын­мен то­лығады. Ке­ния шайын қай­натқан кез­де нақ осы шы­рын ауыз қуыра­тын тұтқыр дәм, ал тұнбаға – кәріптас­тың жарқын түсін бе­реді.

Біре­гей кли­мат­тық жағдай­лар­дан басқа ке­ни­ялық шай­лар­дың бірқатар басқа ай­рықша ерек­шеліктері бар. Эк­ва­тор бел­деуінде ор­на­ласу­ының арқасын­да бұл шай­лар «ма­усым­ды­лыққа» бай­ла­ныс­ты бол­май­ды және өнімді жи­нау жыл бойы жүргізіледі, мұның өзі шикізат­тың тұрақты са­пасын қам­та­масыз етеді.

Бар­лық ке­ни­ялық план­та­ци­ялар теңіз деңгейінен 1500 — 2700 м биіктікте ор­на­ласқан­дықтан, бұл шай­лар биік та­улы жердің шай­ла­рына тән нәзік хош иіске иелік етіп қана қой­май, сон­дай-ақ бүкіл әлем­де эко­логи­ялық та­за өнім ретінде бағала­нады.

Ке­ни­ялық «Рах­мет» шайы балғын, нәзік хош иісімен, ке­ремет қоюлығымен және дәмі ауыз­дан кет­пейтін кәріптас тұнба­сының ай­рықша то­лықтығымен ерек­ше­ленеді.

Оны дайын­дау үшін Ке­ни­яның 11 план­та­ци­ясы­нан және Ру­ан­да­да ор­на­ласқан бір план­та­ци­ядан шай алы­нады, бұл біздің шайға қай­та­лан­бас дәм бе­реді.

Біздің ке­ни­ялық шай таңер­теңгі шай ішу­ге өте қолай­лы және аз­даған кіле­гей не­месе сүт көлемімен та­маша үй­ле­седі.

Жа­пырақты көк шай

Көк шай — түркі ха­лықта­рының дәстүрлі су­сыны. Мы­салы, Ор­та Азия халқының көпшілігінде та­мақ ал­дында көк шай ішу дәстүрі бар. Та­мақта­ну ал­дында көк шай ішу асқазан-ішек жо­лының жұмы­сын тұрақтан­ды­рады және сөйтіп ас қоры­туды жақсар­та­ды. Көк шай өт іркілетін қал­та­ның, ба­уыр­дың, аш ішектің, ұйқы безінің жұмы­сының жақса­ру­ына ықпал етеді. Тұрақты тұты­нудың нәти­жесінде ішектің мик­рофло­расы­ның қыз­меті тұрақта­нады.

Көк шай­дың басқа да қаси­ет­тері бар, ол сергітеді, ұйқышыл­дықтан айыра­ды, мұқият­ты­лықты көте­реді, ес­те сақта­уды жақсар­та­ды, жүрек-та­мыр жүйесінің, асқазан-ішек жо­лының жұмы­сын жақсар­та­ды, бүй­рек безінің қыз­метін тұрақтан­ды­рады.

Біздің көк шай­дың ірілігі ор­та­ша, де­мек са­палы. Тек ор­та­ша іріліктегі жа­пырақ қана то­лық хош иісті бе­ре ала­ды, су­сын­ның өзі осы қаси­етімен бағала­нады. Ұсақ жа­пырақтың иісі аз, ал ірі жа­пырақ неғұрлым кәрі және са­пасыз бо­лып са­нала­ды.

Қай­на­ту кезінде «Рах­мет» шайы өте тың, жарқын, қаныққан хош иісі мен дәмі бар мөлдір ашық-жа­сыл тұнба­ны бе­реді. Ыс­тық су­да 80˚С тем­пе­рату­рада 2 — 3 ми­нут бойы қай­на­ту ке­рек. Бе­рудің ал­дында қалау бойын­ша қант не­месе мұз ке­сегін қосуға және салқын­да­тылған түрінде ішу­ге бо­лады. 3 рет­ке дейін қай­на­туға бо­лады.

Ай­та ке­тер бол­сақ, қытай­лықтар жаңадан қай­на­тылған көк шай­ды ішеді, ал жа­пон­дықтар бірінші қай­на­тым­ды төгіп тас­тай­ды және тек екінші қай­на­тылған шай­ды пай­да­лана­ды.

Ақгүл қосылған көк шай

Біз Қытай­дан ақгүл қосылған көк шай­ды жеткіземіз. Біздің ақгүл қосылған көк шай ор­та­ша ірілікте, де­мек са­палы. Жоғары­да ай­тып өткен­дей, тек ор­та­ша іріліктегі жа­пырақ то­лық хош иісті бе­ре ала­ды, су­сының өзі осы қаси­етімен бағала­нады.

«Рах­мет» шайын­да басқа өндірушілер секілді хи­ми­ялық хош иістендірушілер емес, ақгүлдің та­биғи түстері пай­да­ланы­лады.