«ТУРКУАЗ МАШИНЕРИ» ЖШС 2003 жылы құрылған, ТУРКУАЗ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ мүшесі болып табылады. Бүгінгі күні компанияның персоналы 250 адамнан асады. Өз қызметінің бірінші күнінен бастап компания Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Түркіменстанның нарықтарына әлемдік өндірушілердің өнімдерін ендіру процесіне белсене кірісті.
«ТУРКУАЗ МАШИНЕРИ» ЖШС Орталық Азияда кен және мұнай өндіру, құрылыс кәсіпорындарына жабдықтар, ауыл шаруашылығының жабдықтарын жеткізу және сервистік қызмет көрсету саласында мамандандырылған. Біз техниканы түпкілікті тұтынушыға жеткізуді жүзеге асырамыз және Тапсырысшының қалауы персоналды оқытуды ұйымдастырамыз. Сатып алушыға оны тиісті органдарда тіркеу үшін қажетті құжаттар мен сертификаттардың толық жиынын ұсынады. Бүкіл жеткізілетін арнайы техникаға бір жылдан басталатын кепілдік беріледі.
Сервис
Біз өзіміздің тұрақты қатынас орнаған, сондай-ақ болашақ клиенттеріміздің барлығын бағалаймыз. Сондықтан арнайы техниканы бізден сатып ала отырып, сіз қызмет көрсетудің сапасына және тапсырысты орындаудың мерзімділігіне сенімді бола аласыз.
Сервисті дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Техникалық қызмет көрсету:
Біз өзіміздің тапсырыс берушілерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеулердің алуан түрлі нұсқаларын ұсынамыз. Біздің қызметтеріміз жабдықтарды жеткізуден және оны пайдалануға іске қосумен басталады. Біз кепілдік кезеңінің уақытының ішінде жабдықтарға тегін кепілдік қолдауды қамтамасыз етеміз. Содан кейін сізде бір немесе бірнеше қызметтердің комбинациясын таңдау мүмкіндігі болады:
Сіз өзіңізге қызметтің қай түрі неғұрлым қолайлы болатынын таңдай аласыз.
Объектіні / орналасқан жерін және пайдалану шарттарын талдау: Біз объектіде машиналарды қолдану шарттарына талдау жүргізе аламыз және сізге модельдеудің компьютерлендірілген бағдарламасының көмегімен неғұрлым тиімді машиналарды таңдауға көмектесеміз.
Біздің компаниямен жұмыс істей отырып, Сіз өз жабдығыңыздың біздің назардан тыс қалмайтынына сенімді бола аласыз.
Жабдықты жеткізу
«ТУРКУАЗ МАШИНЕРИ» ЖШС Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Түркіменстанның құрылыс, тау-кен, мұнай-газ кәсіпорындары үшін жабдықтар жеткізу саласындағы мамандандырылған компания болып табылады. Компания сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының керегі үшін техниканы, күш беру қондырғыларын, айнымалы токтың газдық, бензиндік және дизельдік генераторларын, қазандық жабдықтарын және барлық жабдықтарға қосалқы бөлшектерді жеткізеді. Компанияның табысты жұмыс жөніндегі тәжірибе мол және жабдықтар мен техниканың кең ауқымын батыстық өндірушілердің бірқатарының дилері болып табылады.
Қолдануды талдау
Объектіні / орналасқан жерін және пайдалану шарттарын талдау:
Техниканы сатып ала отырып, сіз «ТУРКУАЗ МАШИНЕРИ» компаниясының кез келген аймақтық өкілдігінде кепілді және сервистік қызметті аласыз.
Мобильді сервис кешені
«ТУРКУАЗ МАШИНЕРИ» компаниясы кен және мұнай өндіруші, ауылшаруашылық, құрылыс саласын техникалық қамсыздандыруға және сапалы қосалқы бөлшектерге айрықша назар аударады.
Бүгінгі күні сервис айрықша маңызды болып отыр. «ТУРКУАЗ МАШИНЕРИ» сатып алушылардың өз бизнесінің қажеттіліктеріне сай келетін техниканы таңдауына, қажетті қосалқы бөлшектерге кепілді түрде иелік етуге және ең бастысы — уақыт пен ақшаны үнемдей отырып толық сервистік қызмет көрсетуді алуға мүмкіндік беретін жаңа кешенді тәсілді ендіреді.
Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау және Ташкент қалаларында сервис орталықтары мен қоймалар бар.
Сервис орталықтарының қызмет түрлері:
Бұған қоса, «ТУРКУАЗ МАШИНЕРИ» базасында арнайы техниканы жөндеу жөніндегі мобильді сервис бригадасы жұмыс істейді.
Жөндеу-диагностикалық шеберханасы техника иелеріне қызметтердің толық ауқымын көрсету үшін арнайы жабдықпен және құралдармен жабдықталған.
Қолдаудың сатудан кейінгі кешені
Компанияның сервистік қызмет көрсету бөлімінде жоғары білікті және тәжірибелі техникалық персонал бар, оның саны Алматы қаласында және компанияның филиалдарында 90 адамнан асады. «ТУРКУАЗ МАШИНЕРИ» компаниясы өкілдіктерінің кең желісі елдің бүкіл аумағындағы клиенттерге жол-құрылыс техникасына кепілді техникалық қызмет көрсетудің толық көлемін, пайдалану сервисі мен жөндеуді, машинаның қайда сатып алынуына қарамастан, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кез келген арнайы техникаға қосалқы бөлшектер.
Өнімдер
ТУРКУАЗ МАШИНЕРИ Shell майлау материалдарының
Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы бас дистрибьюторы
Shell Markets Middle East Ltd. (Shell) компаниясы мен Turkuaz Machinery компаниясы Turkuaz Machinery-ді Shell майлау материалдарының Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан аумағындағы бас дистрибьюторы етіп тағайындау туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес Turkuaz Machinery Орта Азия нарықтарында Shell майлай материалдарының сатылуы, маркетингі және дистрибуциясы үшін жауап беретін болады.
Масла Shell
(Германия, Бельгия, Оман, Түркия)
Hitachi Construction Machinery Co.Ltd.
(Жапония)
MTU Detroit Diesel
(Германия)
Hidromek
(Түркия)
Dynapac
(Германия, Швеция)
Grove
(АҚШ)
Renault Trucks
(Франция)
Wacker Neuson
(Германия)
Cifa – тұрақты және жылжымалы бетон сорғылар, бетон араластырғыштар
(Италия)
Deutz Fahr – тракторлар, комбайндар
(Италия, Германия)
Turkuaz Power Systems – дизель – генераторлық қондырғылар
(Европа)
Wartsila –Wartsila – сорғы және компрессор станциялары
(Финляндия)
Erensan – қазандық жабдығы
(Түркия)
Elen – үздіксіз қуат беру блоктары
(Түркия)
Ciat – желдендіру, кондициялау, жылыту, суыту
(Франция
Cummins Filtration – сүзгілер және сүзгілеуші
(АҚШ, Евросоюз)
Mitsubishi Forklift Trucks – қоймалар үшін тиегіштер
(Жапония, Нидерланды)
Manitou – телескопиялық тиегіштер
(Франция)
Mine Master – бұрғылау қондырғылары, анкерлі кареткалар
(Польша)
Paus – шахталық-көмек жабдықтары
(Германия)
Furukawa – гидробалғалар, гидроқайшылар
(Жапония)
Bell – өзі аударғыштар
(Германия)
Meka – бетон зауыттары
(Түркия)
Goodyear – индустриальды шиналар және конвейер лентасы
(Германия, Польша, Люксембург, Түркия))
Petlas – ірі көлемді шиналар
(Түркия)
Schindler – лифтілер мен эскалаторлар
(Кытай, Европа)