«ТУРКУАЗ ХОРЕКА СЕРВИС» — бұл ТУРКУАЗ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ бөлімшелерінің бірі. Компанияның негізгі қызметі қонақүйлер, мейрамханалар, кетрингтік компаниялар, тамақ индустриясы және сусындар индустриясы үшін өнімдердің кең ауқымын жеткізу болып табылады. Компания жеті жыл бұрын құрылған. Компанияның филиалдары Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында жұмыс істейді.
«ТУРКУАЗ ХОРЕКА СЕРВИС» компаниясының қызмет аясына өнімдерді жеткізу ғана емес, сондай-ақ тазалық және гигиена мәселелерін шешумен байланысты кәсіби сервистік қызметтер көрсету кіреді. Тиісті сервисті қамтамасыз ету үшін оқытудың толық курсынан өткен компания қызметкерлері кәсіби техникалық қолдау көрсетеді.
«ТУРКУАЗ ХОРЕКА СЕРВИС»-ке біз брендтерінің өкілі болатын халықаралық компаниялар қомақты қолдау көрсетеді, мұның өзі нарыққа сапалы өнім мен сервис ұсынуға мүмкіндік береді:
DIVERSEY — кәсіби жуу және дезинфекциялау құралдарын өндіру және жеткізу жөніндегі жетекші компаниялардың бірі. DIVERSEY ірі халықаралық қонақүйлер, мейрамханалар желілері, ірі кетрингтік және клинингтік компаниялар үшін, сондай-ақ тамақ және сусындар индустриясы үшін негізгі жеткізуші болып табылады. DIVERSEY-дің әлемнің барлық елдерінде белсенді жұмыс істейтін өкілдіктері бар.
IPEK KAGIT — бұл тұрмыстық мақсаттар және кәсіби нарық үшін әралуан гигиеналық қағаз өнімдерді өндіру жөніндегі әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі. IPEK KAGIT әлемдегі қағаз өнімдерін өндіру жөніндегі көшбасшылардың бірі GeorgiaPacific белсенді әріптесі болып табылады. Қазақстанда біз Selpak, Solo, Silen, Servis секілді бренділерді ұсынамыз. «ТУРКУАЗ ХОРЕКА СЕРВИС» сондай-ақ көптеген клиенттерді қазіргі заманғы жоғары сапалы диспенсерлермен қамтамасыз ететін Marathon and Lotus professional секілді бренділердің өкілі болып табылады.
3M – әртүрлі индустрия үшін көптеген жаңашыл өнімдерді ұсынатын халықаралық компания. «ТУРКУАЗ ХОРЕКА СЕРВИС» Nomad кілем жабындары бойынша, сондай-ақ Scotch-Brite кәсіби желісі бойынша 3М эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады. MEGA орталық, Holiday inn, Rixos, Keruen орталық — бұлар 3М өнімдерін пайдаланушы ірі және құрметті клиенттердің кейбіреулері ғана.
Қазақстанда «ТУРКУАЗ ХОРЕКА СЕРВИС» қазіргі кезде Rahat Palace, Royal Tulip, Holiday inn, Astana Interotel, ESS Compass, EFES, Carlsberg, Шымкент сыра зауыты, RG Brands Kazakhstan компаниялар тобы, Mega орталықтар және т. б. секілді 3000-нан астам белсенді клиенттерге жуу және дезинфекциялау құралдарын жеткізеді.
Біздің компания өзін сенімді, нәтижелі және тиімді әріптес ретінде көрсете алды.
Diversey.
(АҚШ)
Taski
(Швецария)
3M
(АҚШ)
Ipek Kagıt
Lotus
(Түркия).
Selpak, Solo, Silen, Servis
(Қазақстан)